28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазіргі уақытта елде 1085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың 527-сі Өзбекстан, 234-і Ресей, қалғандары Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан азаматтары. Қойгелдиев прокуратура тарапынан 1998 жылғы Мәскеу конвенциясы шеңберінде ТМД мемлекеттерімен сотталған азаматтарды беруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, осындай шарттың өткен жылы Өзбекстан елімен ратификацияланғанын айтты.
Оның сөзінше, Қазақстанда мұндай 24 келісімшарт бар.
Қазақстанның түзеу мекемелерінде Вьетнам азаматтары жазасын өтеп жатқан жоқ. Сондай-ақ Вьетнам аумағында да сотталған Қазақстан азаматтары жоқ,- деді Қойгелдиев.
Тек соңғы бес жылда Қазақстанға жазасын өтеу үшін басқа елдерден 160 азаматымыз ауыстырылса, 900 қазақстандық жазасын өзге елде өтеп жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?