Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда өткен оқу жылында (2022-2023жж.) 718 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істеді. Оның 567 қалалық жерлерде, қалған 151 – ауылдық жерлерде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқу орындарының жалпы санынан 414-і мемлекеттік меншікте, 304 – жекеменшікте. Орта білім беру орындарын түрлеріне қарай жіктесек, олардың 625-сі – колледж, 89-ы – жоғары колледж және 4-уі – училище.
Оқу орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 84, одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары, тиісінше 49 және 41 бірліктен. Ең азы Ұлытау облысында – 13 бірлік, - делінген мәліметте
Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылының басында Республикада 116 жоғары оқу орны жұмыс істеген, оның 72,4% – жеке меншікте, 25,9% – мемлекеттік және 1,7% шетелдік меншікте.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар