Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес, Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz.
Оның 32,7 пайызы – мемлекеттік меншікте, ал қалғаны 67,3 пайызы – жекеменшік. Ойын-сауық саябақтарының 19,2 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.
Еліміз бойынша демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында, Астана мен Алматы қаласында. Түркістан облысында – 27, Астана қаласында – 22, сондай-ақ Алматыда – 20 саябақ бар. Ал ең аз саябақ Жетісу облысында. Онда небәрі 1 саябақ қана орналасқан.
Ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 184,6 мың гектарды құрайды. Онда барлығы 3 848 ойын-сауық нысаны бар. Атап айтқанда, аттракциондар – 1465, ойын автоматтары – 1642 , басқа түрлері – 741.
Айта кетейік, өткен жылы демалыс орындарына 14,2 миллион адам барған.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?