1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанда утилизациялық төлем (утильалым) белгілі бір көлік құралдарына міндетті түрде салынады. Алайда кейбір техникалар бұл міндеттемеден толық босатылған.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі BAQ.KZ редакциясының арнайы сұрауына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі таңда утилизациялық алымнан кімдер босатылады?
1. Электромобильдер
Электрмен жүретін көліктер үшін утилизациялық төлемнің мөлшерлемесі нөл. Яғни, бұл санаттағы көлік құралдары толықтай босатылған.
2. Мото және жеңіл жол талғамайтын көліктер
Квадроциклдер;
Қарда жүретін көліктер;
Мотоциклдер;
Трициклдер.Қазақстанда жаңа автокөліктердің бағасы тағы да қымбаттады
Бұл көлік түрлеріне де утильалым салынбайды.
3. 50 тоннадан асатын жүк көліктері мен ершікті тартқыштар
Аса ауыр салмақты (толық массасы 50 тоннадан жоғары) көліктер бұл төлемнен бос.
4. "X" санатындағы коммуналдық техникалар
Ауланы тазалайтын, көшені жуатын және басқа да коммуналдық қызметке арналған арнайы машиналарға да утильалым төлеу міндетті емес.
5. 2016 жылға дейін тіркелген автокөліктер
Қазақстанда 2016 жылға дейін тіркелген көлік құралдары кәдеге жарату алымы енгізілгенге дейін есепке қойылғандықтан, олар бұл талапқа құқықтық тұрғыдан жатпайды.
Бұл туарлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы №448 бұйрығымен бекітілген ережеде нақты жазылған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?