23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.
Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі. Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.
Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.
Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік