12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБір жылда (2022 жылғы қазан 2021 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 16,6% өсті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы қазанда 54,2% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды.
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы қыркүйекке қарағанда 2022 жылғы қазанда) қолданыстағы пәтер бағалары –2,1%, жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қазанда 5,6% жоғарылады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер