Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары тараптардың аумақтарында уақытша есепке қойылмай 90 тәулік бойы бола алатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгіленген мерзімнен артық болған жағдайда, ол аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша тұруға рұқсатты (УТР) мынадай мақсаттардың бірі бойынша ресімдеу қажет: отбасын біріктіру, жұмыс, оқу, емдеу, миссионерлік, бизнес-иммигранттар.
Қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы жіберетін хабарлама шетелдіктің Қазақстан Республикасында уақытша тұруына рұқсат беретін құжат болып табылмайтынын және тек хабарлама сипатында болатынын қосымша хабарлаймыз.
УТР ресімдеу мәселелері бойынша қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек