6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.
«Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді», - деді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.
«Өткен жылдың тамыз айынан бастап біз осындай 40 сайтты таптық және олардың 33-ін бұғаттадық. Кейбіреулер процесте, соның ішінде бүгін желіде тараған сайт та бар. Алдағы уақытта осындай сайтқа тап болсаңыздар Комитетке хабарласуларыңызды сұраймыз», - деді комитет төрағасы
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі