Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, ойындарға қатысу сайттарда жарияланған Telegram арнасында жарна төлеу үшін жасалған сілтеме арқылы жүзеге асқан.
Төлем картшоттарға және электрондық әмиянға жіберілген, оны толтырғаннан кейін ойындарға қатысу үшін логин мен пароль жасақталады.
Бәс тігулер мен ұтыстарды төлеу шетелдік тұлғалардың картшоттары арқылы жүзеге асырылды. Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының аумағында тінту жүргізіліп, оның барысында заттай айғақтар – ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, шетелдік тұлғалар мен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондар алынды, - делінген мәліметте.
Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы сомасы 167 млн теңгеге тыйым салынды. Ұйымдастырушылар мен қатысы бар тұлғаларға тиесілі екінші деңгейлі банктердегі барлық шоттарға тыйым салынды.
«Онлайн» құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңгені құраған. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға пайдаланылған карт шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады, - делінген.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасына санкция берді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек