Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАШМ қолдауымен озық жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, жоба 2026 жылы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты базасында жүзеге асырылады.
Орталық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жоғары білікті мамандармен жасақталады. Оның негізгі міндеті – өнімділік пен экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін патогендерге қарсы күрес жүргізу.
Орталық тұқым шаруашылықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, әртүрлі дақыл тұқымдарының сынамаларын талдаудан өткізеді. Жобаның басты мақсаты – 2030 жылға қарай отандық тұқым үлесін 80%-ға дейін жеткізу, - делінген мәлімдемеде.
Фитоэкспертизаның инновациялық әдістерін қолдану және тұқымдарды сауықтыру өнімділікті арттырып қана қоймай, егіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мамандардың бағалауы бойынша, тұқымдық қорды сауықтыру өсімдік ауруларымен күрестегі негізгі фактор болып табылады, себебі олардың 70%-ы тұқым арқылы таралады. Орталықтың жұмысы нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі кемінде 40%-ға артуы мүмкін деп күтілуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді