Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол саладағы өндіріс көлемі 14,9 трлн теңгені құрағанын, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,9%-ға артық екенін атап өтті. Саланың ЖІӨ-ге қосқан үлесі металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі және фармацевтика есебінен 12,5%-ды құрады.
Металлургиядағы өсім ұлттық инвестор Qarmet-тің келуімен және кешенді жаңғыртудың басталғанымен байланысты. Нәтижесінде өндірістік тұрақтылық, қызметкерлердің орташа жалақысының 13,5%-ға көбеюі байқалады. 2024 жылы шамамен 1,3 трлн теңгеге 180 жобаны іске қосу жоспарланған, – деді Роман Скляр.
Металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау, химия салаларында 17 серпінді жобаны іске асыру ерекше бақылауда екені атап өтілді. Әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар бекітілді. Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. Тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету тетігі енгізілді. Қазірдің өзінде ірі жеткізушілермен 25 келісім жасалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары