Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда протон терапиясы қолданыла бастады. Бұл – сәулемен емдеудің ең бір озық әдістерінің бірі. Оның артықшылығы сау тіндерге өте аз әсер ететінінде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың аға медициналық физигі Алуа Қанатқызының айтуынша, аталған технология стандартты терапияларға қарағанда сау тіндерге сәуленің кері әсерін 60-70% дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі сәулемен емдеу әдісіне қарағанда протондар өз энергиясының барлығына жуығын көзделген тереңдікте жұмсайды, яғни, тікелей ісіктің ішінде таратады. Бұл обыр жасушаларын, оның маңында орналасқан тіндерге тигізбей, жоғары дәлдікпен атқылауға мүмкіндік береді және сонысымен де ең бір тиімді әдіс саналады.
Жаңа емдеу кешені жылына 1 мыңға дейін ем-шара жүргізуге есептелген. Ол асқан дәлдікті қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылған, оның ішінде 360 градусқа бұрылатын жүйе мен роботты үстел бар.
Протон терапиясы аурудың барлық кезеңінде жүргізіледі, десе де, енді өсіп келе жатқан ағза болғандықтан балаларды емдеуде, сондай-ақ бұрын алынған сәулелік терапияның қайталануы, яғни, рецидив кезінде қолданған әсіресе тиімді. Өйткені, ағза тіндері радиотолқынға қарсылық танытып, радиорезистентті элементтер бөледі. Ал протондар физикалық қасиетке ие болғандықтан, бұл иммунитетті жеңе алады, - деп атап өтті Алуа Қанатқызы.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады