23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді18 мамыр – Халықаралық музей күні қарсаңында елімізде «Музей түні» акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Музей түні» аясында дәстүрлі түрде келушілерге көрме, концерт, экскурсия, шеберлік сыныбы және интерактивті іс-шараларды қамтитын бағдарлама ұйымдастырылады.
Қазақстанда аталмыш жоба 2006 жылдан бері өткізіледі. ҚР Орталық мемлекеттік музейі бұл іс-шараға белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар бүгін «Музей түні» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында, «Ұлытау» ұлттық музей-қорығында, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында, «Ботай» музей-қорығында өтеді, - делінген мәліметте.
18 мамырда аталмыш іс-шара ҚР Ұлттық музейінде, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде, «Әзірет-Сұлтан» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады