Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭнергетика министрлігі мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатқанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство дерегінше, бұл жобалар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беріп, жаңа өндірістерді жолға қоюға, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған жобалардың бірі – 2022 жылы пайдалануға берілген жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт (ЖШС «KPI»). 2024 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын шамамен 250 мың тонна өнім өндірді. Бұл жоба еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, экспорттық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта стратегиялық маңызы жоғары тағы бір жоба – жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт – іске асырудың белсенді кезеңінде. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат және алкилат өндіруге арналған өзге де жобалар дайындықтың әртүрлі сатысында пысықталуда.
Энергетика министрлігінің бағалауынша, көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде өңірлік экономиканың дамуына және халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына елеулі үлес қосады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?