Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өнертанушы, жазушы Тайф Тәукейұлының «Монғолия қазақтарының театр тарихы» және «Керуен ғұмыр» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Монғолия қазақтарының театр тарихы» кітабында Баян-Өлгейдегі ұлттық театрдың қалыптасуы, оның негізін қалаушылар, әр кезеңдегі дамуына атсалысқан тұлғалар туралы баяндалады.
Қазақ драма театры халыққа рухани азық берген қасиетті өнер шаңырағы болған. Театр сахнасында жергілікті қазақ жазушыларының, моңғол, қазақстандық және шетелдік драматургтердің көптеген туындылары сахналанған. Мәдениет ордасының дамуына Қазақстаннан шақырылған мамандар көп үлес қосқан. Энциклопедиялық жинақта бұл туралы егжей-тегжейлі айтылады.
«Керуен ғұмыр» кітабы – Моңғолияның түрлі аймағында 30 жылдан аса мекендеп, еңбек еткен отандастардың тағдыры туралы.
«Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ мемлекеттік тапсырыспен, Алматыдағы «Дәуір» баспасынан жарық көрген. «Керуен ғұмыр» ғылыми-көпшілік кітабы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Отандастар» қорының қолдауымен басылып шыққан.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер