30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, талқылауға қойылды. Пікірлер мен ұсыныстарды 6 наурызға дейін беруге болады.
Егер нөмір алғаш іске қосылғаннан кейін 60 күн өтпесе, донор-оператор абонент нөмірін ауыстырудан бас тартуға құқылы. Бұл өзгеріс теріс әрекеттің алдын алуға және байланыс операторларының мүдделерін қорғауға бағытталған, – делінген құжат мәтінінде.
Донор-оператор – клиентке қызмет көрсетіп отырған бұрынғы байланыс операторы. Заң бойынша, нөмірді ауыстыру жөніндегі өтініш түскеннен кейін Орталық абонент нөмірлері дерекқорында оператор 10 минут ішінде жауап беруге тиіс. Бұл – максималды белгіленген уақыт.
Әзірлеушілердің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – нөмірді ауыстырған кезде абонент үшін байланыс мүмкіндігінің болмау уақытын қысқарту. Бұл өз кезегінде «қызметтің сапасына клиенттердің қанағаттануын арттырады».
Мақсат: өзгерістер байланыс қызметтері мен нөмірді көшіру процесінің уақытша үзілісін қысқарту, абонент үшін қызмет көрсету сапасын арттыру болып отыр.
Еске салайық, 2016 жылдан бастап қазақстандықтар ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып ауыстыра алады.
Былтырғы жылы Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді. Құжатта нөмірлерді жеке тұлғаларға рәсімдеу тәртібі, телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күрес шаралары, сондай-ақ күмәнді нөмірлерді бұғаттау тәртібі реттелген. Телефон нөмірі қандай жағдайда бұғатталуы мүмкін және бір адам қанша SIM-картаға ие бола алады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды