Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру тәртібі өзгереді

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру тәртібі өзгереді

Амангүл Тілейқызы
Фото: AI көмегімен жасалды

Қазақстанда мобильді аударымдарды салық органдарының бақылауына алу талаптары өзгерді. Енді кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс ретінде қарастырылуы мүмкін аударымдардың шекті сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден 1 миллион 557 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды.

Қаржы министрінің 23 қазандағы бұйрығына сәйкес, банктердің жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді. Құжат 28 қазанда Әділет министрлігінде тіркелген.

Қандай өзгеріс енгізілді?

Бұған дейін мобильді аударымдарды бақылау кезінде шекті сома ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерімен есептелетін. 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болғандықтан, үш айдағы шекті сома 1 миллион 20 мың теңгені құрады.

Жаңа ережеге сәйкес, енді бұл көрсеткіш айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты есептеледі. Шекті сома 360 АЕК болып белгіленді.

2026 жылы бір АЕК 4 325 теңгеге тең. Демек, жаңа талап бойынша үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион 557 мың теңгеден асса, олар салық органдарының назарына ілігуі мүмкін.

Қандай аударымдар тексеріледі?

Мобильді аударымдар кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс ретінде қарастырылуы үшін бір мезгілде үш талап орындалуы қажет:

Яғни, бұл талап бір реттік аударымға емес, үш ай ішінде түскен қаражаттың жалпы көлеміне қатысты.

Сонымен қатар аталған талаптарға сәйкес келу азаматтың заң бұзғанын немесе міндетті түрде салық төлеуі керектігін білдірмейді. Бұл өлшемдер кәсіпкерлік қызмет белгілері бар ақша түсімдерін анықтау үшін қолданылады.

Оқи отырыңыз

{