Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБиылдан бастап Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің саны 50-ден 75-ке дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Forbes Kazakhstan журналының сараптама тобы басшысы Ардақ Бөкееваның сөзіне қарағанда, мұндай шешім 50 орынның аздық етіп жатқанына байланысты қабылданған.
Біз 75-ке дейін көбейтеміз деп шештік. Себебі соңғы жылдары тізімге енбей қалып жатқан кәсіпкерлер көп болды, әйтпесе айырмашылық небәрі 500 мың доллар ғана, - деді ол.
Басылым мәліметінше, 2012 жылдан бері тізім аса көп өзгермеген. Он жылдам астам уақыттан бері рейтингіде сол бір адамдар тұр. Көш басында $3,5 млрд (2023 жылы — $4,6 млрд) қаржы тапқан Владимир Ким тұрса, бесінші орынға әрқайсысында $1,258 млрд бар Тимур мен Динара Құлыбаевтар (2023 жылы — $4,3 млрд-тан) жайғасқан. Ал олардың алдын дүниеден өткен Алиджан Ибрагимов (Ибрагимовтер отбасы былтыр жетінші орынға тұрақтаған), Сәрсеновтер отбасы (2023 жылы – сегізінші орын) мен Болат Өтемұратов (2023 жылы – алтыншы орын) орап кетті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар