6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДенсаулық сақтау саласындағы түзетулерге медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол үшін әрбір медициналық ұйым сақтандыру компаниясымен шарт жасасады. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері медициналық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты тәуекел дәрежесі мен медицина қызметкерлерінің штаттық деңгейіне байланысты есептелетін болады.
Бұл ретте дауларды сотқа дейін шешу тетігі енгізіледі. Науқас «дәрігер қатесі» салдарынан оның өмірі мен денсаулығына зиян келгенін айтып шағымданғанда шағымды тәуелсіз сараптама комиссиясы қарауды ұсынады. Оның қорытындысы пациентке сақтандыру төлемін жасауға негіз болады, - деді Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.
Төлем мөлшері келтірілген зиянның дәрежесіне байланысты болады (қайтыс болған – 3000 АЕК; мүгедектікті белгілеу: бірінші топ – 800 АЕК, екінші топ – 600 АЕК, үшінші топ – 500 АЕК; мүгедек балаға – 500 АЕК; мүгедектік анықталмағанда – 300 АЕК).
Бұл ретте пациенттің Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе сотқа шағымдану құқығы сақталады.
Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау да күшейтіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі