12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПремьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық машина жасауды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан өндіруші өнеркәсіпті қуып жетіп, өсімін жалғастыруда. Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Машина жасауды дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі – оның күшті мультипликативті әсері. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, салада бір жұмыс орнын құру аралас салаларда шамамен жеті-сегіз жұмыс орнының пайда болуын ынталандырады. 2024 жылдың 9 айында салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 2 есе. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеден асты. Нақты көлем индексі – 104,2%, — деді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ машина жасау құрылымында ең үлкен үлесті автомобиль жасау, теміржол және электротехникалық машинасын жасау алады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер