Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда 2027 жылдан бастап салық органдарының талаптарын орындамаған маркетплейс сатушыларының аккаунттарын уақытша бұғаттау ұсынылып отыр. Тиісті түзетулер Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылған.
Ұлттық экономика министрлігі қолданыстағы кодекске «Интернет-ресурста және (немесе) интернет-платформада сатуды тоқтата тұру» деп аталатын 89-1-бапты енгізуді ұсынды. Жаңа норма салық органдарына интернет-платформалар арқылы тауар сатуды уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді. Қазір заң жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.
Қандай жағдайда аккаунт бұғатталуы мүмкін?
Жобаға сәйкес, сатушы мына талаптарды орындамаған жағдайда оның маркетплейстегі сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін:
Салық органы тиісті хабарламаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сатуды тоқтату туралы шешім шығара алады.
Неліктен мұндай шара ұсынылып отыр?
Заң жобасын әзірлеушілердің мәліметінше, маркетплейстер арқылы жүргізілген саудаға жүргізілген талдау нәтижесінде тауарлардың жалпы сатылымы 2 триллион теңгеден асқан.
Сонымен қатар 200 миллиард теңгеден астам сомаға жасалған сауда бойынша тауарлардың шығу тегін растайтын құжаттар болмағаны анықталған.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты сатушыларға тиісті хабарламалар жіберілген. Енді оларды орындамаған жағдайда интернет-платформадағы сатылымды уақытша тоқтату тетігін енгізу ұсынылып отыр.
Блоктау қалай жүзеге асырылады?
Салық органы сатылымды тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін оны үш жұмыс күні ішінде маркетплейс иесіне жіберуге тиіс.
Өз кезегінде интернет-платформа шешім алғаннан кейін тағы үш жұмыс күні ішінде тиісті сатушының тауар өткізуін тоқтатуы қажет.
Шектеу оны енгізуге себеп болған заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін алынады. Салық органынан бұғаттауды жою туралы шешім түскен соң маркетплейс сатылымды бір жұмыс күні ішінде қайта бастауға тиіс.
Өзгеріс қашан күшіне енеді?
Ұсынылып отырған түзетуді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Салық кодексіне енгізілетін басқа да өзгерістер талқыланған болатын. Атап айтқанда, салық органдарына шетелдік интернет-платформалардың қызметін бақылау және тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау бойынша қосымша құралдар беру ұсынылған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары