28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құжат қабылдау 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды комиссиялар арқылы жүргізіледі.
Кешенді тестілеуге шамамен 49 мың адам қатысты. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша шекті балды түлектердің 50 пайызы, бейіндік бағыт бойынша – 21 пайызы жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурс негізінде тағайындалады. Құжаттар 12–18 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
Өтініш бергенде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобы мен үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?