6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық магистранттар мен докторанттар Сассекс университетінің дипломын бұдан былай елде жүріп-ақ ала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасын іске асыру бойынша келіссөздер өткізу үшін Ұлыбританиядан Алматыға арнайы делегация келді. Мәртебелі меймандарды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай қарсы алды. Тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату бойынша 3 күн қатарынан кездесулер өткізеді.
Қос диплом бағдарламасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Сассекс университеті бірлесіп жеңіп алған Британдық кеңес грантының аясында іске асады. Яғни қазақстандық магистранттар мен докторанттар екі диплом алатын болады: біріншісі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, екіншісі – Сассекс университетінің дипломы, - делінген мәліметте.
Осы әріптестік аясында педагогика саласында қосымша білім алуға мүмкіндік беретін PGCE in Pedagogy and Practice халықаралық бағдарламасы да іске асады. Сондай-ақ профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыратын орталық құрылады. Бұл қазақстандық және британиялық жоғары оқу орындары ғылымды дамытуда да бірлеседі деген сөз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі