29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысының Халықаралық волонтерлер жылына орай көтерген бастамалары аясында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті.
Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырды.
Акция жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өтті. Осы күні еліміздің барлық өңірінде тарихи-мәдени мұра нысандарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған волонтерлік шаралар өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын ұғындырып, жұртшылықтың жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінде басталды.
Акция нәтижесінде волонтерлік қозғалыстың өңірлердегі жұмыс жүйесі нығая түсті. Еліміздің барлық 20 өңірінде «Madenietti Mura волонтерлері» клубтары ашылып, олар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен азаматтық белсенділікті арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетін болады.
Аталмыш акция аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау ісіне қоғамның барлық буынын жұмылдыру көзделді. Сонымен қатар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және экологиялық сананы қалыптастыруға мән берілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек