Қазақстанда күн райы күрт өзгереді: бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанда күн райы күрт өзгереді: бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауады

Мадина Асылбекова
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы құбылып, бірқатар өңірде жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, антициклонның орнына солтүстік циклонның терең ойысы келіп, ел аумағына жаңбыр мен қар, екпінді жел және тұман әкеледі. Қолайсыз ауа райы алдымен батыс өңірлерде байқалады.

Қай өңірлерде жауын-шашын мол түседі?

Синоптиктер мәліметінше, 5-7 қараша аралығында Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр аралас қар түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Қолайсыз ауа райы әсіресе мына өңірлерде күтіледі:

Бұған қоса, республика аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Өңірлерде ауа температурасы қалай өзгереді?

Жауын-шашынмен қатар еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы да өзгереді.

Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+7 градус, күндіз +3…+14 градус аралығында болады.

Солтүстік-батыста түнгі температура -1…-8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа райы +1…+15 градус аралығында құбылады.

Солтүстік пен орталықта түнгі ауа температурасы -3…-8 градустан +1…+6 градусқа дейін көтеріледі. Ал күндіз, керісінше, салқындап, +5…+13 градустан +1…+10 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -3…-8 градустан 0…+5 градусқа дейін жылынады. Күндіз +3…+8 градустан +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Астанада қандай ауа райы болады?

5 қарашада елордада күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы -4…-6 градус болса, күндіз +7…+9 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы күндіз секундына 9-14 метрге жетеді.

6 қарашада күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +9…+11 градус болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін барады.

7 қарашада Астанада жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +7…+9 градус шамасында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Алматыда демалыс күндері +20 градусқа дейін жылынады

5 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады. Күндіз ара-тұра жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы +4…+6 градус, күндіз +11…+13 градус болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел кейін батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі ықтимал.

6 қарашада қалада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3 градусқа дейін төмендегенімен, күндіз +16…+18 градусқа дейін жылынады.

7 қарашада да Алматыда құрғақ ауа райы сақталады. Түнде +3…+5 градус, күндіз +18…+20 градус болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды.

Оқи отырыңыз

{