Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

23 Наурыз 2023, 12:35 552
Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, ал коронавирус белгілері бар пневмонияны бірде-бір адам жұқтырмаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

23 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (1 625+ және 170 КВИ-), олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 5 адамның жағдайы ауыр;
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 34 адамнан, ал оның алдында 66 адамнан коронавирус анықталған еді.

EL.KZ
Бөлісу: