Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде елде COVID-19 қайта тарап жатқаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде тараған хабарламада Алматыдағы ауруханалар науқасқа толы екені, көптеген науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына (желдеткіш) қосылғаны айтылған.
Мессенджерлерде жұқпалы аурулар ауруханалары COVID-19 пациенттерімен толып жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Коронавирустық инфекцияның жағдайы бақылауда. 2024 жылдың басынан бері елде 1356 COVID-19 оқиғасы тіркелді, бұл былтырдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 8 есе аз. COVID-19 төсектері жұқпалы аурулар бойынша төсек қорының 0,1 пайызын алады. Өлім тіркелген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында өңірдегі коронавирус жағдайы тұрақты екенін алға тартты.
Денсаулық сақтау министрлігі халықты ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары