23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 381 жағдай тіркелді. Ал қыркүйек айынан бері елде тұмаудың 297 жағдайы анықталған. Оның басым бөлігі шошқа тұмауы деп аталатын A(H1N1) вирусына тиесілі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қазақстанда коронавирус жағдайы азайған
Сархат Бейсенованың айтуынша, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 381 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе аз. Биыл коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар тіркелмеген.
Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта елде коронавирустың XFG нұсқасы, яғни «Стратус» басым таралып жатыр. Зерттелген сынамалардың 68,7 пайызынан XFG.1.1 сублиниясы, 25 пайызынан XFG.3 анықталған. Қалған 6,3 пайызында JN.1 және RF.5.3 желілері табылған.
XFG («Стратус») — SARS-CoV-2 вирусының «Омикрон» тобына жататын нұсқаларының бірі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, аталған нұсқалар «Омикронның» басқа түрлерімен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді. Дегенмен мамандар вирустың таралуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Шошқа тұмауының 295 жағдайы анықталды
Тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай да бақылауда. 2026 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда 297 жағдай тіркелген. Оның 295-і A(H1N1) вирусынан болса, қалған екі жағдайға В типті тұмау вирусы себеп болған.
Мамандар шошқа тұмауының ауыр өтіп, түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе жүкті әйелдер, кішкентай балалар, егде жастағы адамдар және созылмалы аурулары бар азаматтар қауіп тобына жатады.
Қазақстанда 2 миллионнан астам адам вакцина алған
2026-2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусымға дайындық аясында Қазақстанға «Гриппол Плюс» вакцинасының 2,2 миллион дозасы сатып алынған.
Вакцина тұмау вирусының үш түрінен: A(H1N1), A(H3N2) және B типінен қорғануға арналған.
Қазіргі уақытта 2 миллион 65 мың адам екпе алған. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 93,9 пайызын құрайды.
Тұмауға қарсы вакцинация науқаны 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Мамандар әсіресе қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға және аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік