Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары бір жылда 11%-ке өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz -ке сілтеме жасап.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ке көп.
Әсіресе елорда тұрғындарының шығыны көп, олар 103,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылғы қаңтар - наурызбен салыстырғанда 6,5%-ке және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ке артық.
Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.
Осы уақытта тұрғын үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және басқа да отын түрлеріне баға ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір айда 0,9%-ға және бір жылда 17,6%-ға өсті. Оның ішінде айлық динамикада қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 6,1%-ға, электр энергиясының құны 1,8%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметтерінің құны 1,7%-ға, су бұру қызметтерінің құны 0,2%-ға өсті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?