Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда автокөліктерді қайта жабдықтауға рұқсат алу тәртібін жеңілдету жоспарланып отыр. Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы өзгерістерді қоғамдық талқылауға ұсынды. Күтіліп отырған басты жаңалықтың бірі – бірқатар құжаттарды цифрлық форматқа көшіру.
«Ашық НҚА» порталында автокөліктер мен тіркемелерді қайта жабдықтау жөніндегі куәліктерді беру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы жарияланды.
Жобаның негізгі мақсаты – рәсімдеу процесін автоматтандыру. Егер өзгерістер қабылданса, жүргізушілер кейбір анықтамалар мен құжаттарды қағаз түрінде тапсырудан босатылады. Мемлекеттік органдар қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы өзара алмасу негізінде алады.
Сондай-ақ құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіріліп, қызмет көрсету мерзімі қысқарып, рәсімдеу тәртібі ыңғайлырақ болады деп күтілуде.
2026 жылы қандай құжаттар қажет болады?
Көлікті қайта жабдықтау рәсімінен өткізу үшін азамат арнайы ХҚКО-ға конструкциясына өзгеріс енгізілген автокөлікті апарып, өтініш береді.
Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:
Қандай өзгерістер қайта жабдықтау болып саналады?
Төмендегі өзгерістер ресми түрде қайта жабдықтау ретінде есептеледі:
Мұндай өзгерістер міндетті түрде заңдастырылуы тиіс. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық талаптардың сақталуына қажет. Заңсыз өзгертілген көлік айыппұлға немесе тіркеуден бас тартуға әкелуі мүмкін.
Бұған дейін егер көлікте міндетті жабдықтар болмаса, жүргізушіге айыппұл салынуы мүмкін екені туралы жаздық.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?