Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҰлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз, - деді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.
Оның атап өтуінше, көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырған жағдайда жанармай бағасы қымбаттайды.
Біз шамамен 80 млрд теңге көлік салығын жинаймыз, шамамен 5 млн тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырар болсақ, онда бензин бағасы 14 теңгеге қымбаттауы тиіс, - деді ол.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?