Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда алаяқтардың құрбаны болған 2,5 мың адамның кредиттері кешірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттарға берген ресми жауабында айтылған. Оның мәліметіне сәйкес, алаяқтықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында 2024 жылдың маусым айында «Банктер және банк қызметі туралы» заңға қаржы ұйымдарына алаяқтық әрекеттердің себептері мен салдарын жоюға бағытталған бірқатар талаптар енгізілді. Атап айтқанда, тергеу кезеңінде күмәнді несиелер бойынша берешекті өндіріп алу және талап-арыз жұмыстарын уақытша тоқтату, клиенттің қатысуынсыз рәсімделген несие берешегін есептен шығару, сондай-ақ мұндай қарыздар бойынша бұрын төленген сомаларды зардап шеккен азаматтарға қайтару тетіктері қарастырылған. Бұл механизм қаржы ұйымдарына кибералаяқтықтан зардап шеккен азаматтардың банк шоттарын несиені өтеу мерзімі кешіктірілген жағдайда бұғаттауға жол бермеуді көздейді.
Заңнамадағы аталған түзетулер аясында 2,5 мыңнан астам адамның жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын кредиттері бойынша өндіріп алу шаралары тоқтатылып, 1,6 млрд теңгеден астам қарыздары есептен шығарылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?