18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда миллиондаған азамат өмір бойы қосымша зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қызметкерлердің болашақтағы әлеуметтік қорғалуын күшейтетін маңызды құралға айналып отыр. Ең бастысы, бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, толықтай жұмыс беруші есебінен төленеді.
Бұл норма әрбір жұмыс істейтін қазақстандық, әсіресе жас буынның сенімді «қаржылық қорының» болуы үшін енгізілген. Енді азаматтардың болашақ зейнетақысы үш көзден: мемлекеттік базалық төлем, БЖЗҚ-дағы жекежинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша «шартты-жинақтаушы» бөліктен құралады, – деп түсінді ведомство.
Жаңа жүйе азаматтарға қосымша зейнетақыны өмір бойы алуға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туғандар үшін маңызды. Себебі олардың болашақтағы төлемдері жүйеге қатысу ұзақтығы мен аударымдардың тұрақтылығына тікелей байланысты.
Министрлік жарналардың мөлшеріне де тоқталды:
2026 жылы мұндай жарналардың мөлшерлемесі жұмыскер табысының 3,5%-ын құрайды. Жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде: 2028 жылға қарай ол 5% мақсатты көрсеткішке жетеді.
Қазірдің өзінде бұл тетіктің нәтижесі байқала бастаған. 2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, жұмыс берушілер 5,8 миллион қызметкерге қосымша зейнетақы құқығын қамтамасыз еткен. Ал жыл басынан бері азаматтардың шоттарына 951 млрд теңге аударылған.
Сонымен қатар мемлекет бизнеске де жеңілдіктер қарастырған. Салық заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілердің ЖМЗЖ төлеуге жұмсаған шығындары корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Бұл компанияларды ашық әлеуметтік саясат жүргізуге және қызметкерлерінің болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр