6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда киік аулаудың нақты мерзімі белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, еліміздің биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы жас және жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеуді ұсынды.
Ақбөкендерді сақтау бойынша қабылданған шаралардың арқасында қазір олардың саны 1,9 млн бас, оңтайлы саны 770 мың бас болды, - делінген негіздемеде.
Құжат 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.
Ғылыми қорытындыға сәйкес, бірнеше өңірде киіктердің санының күрт өсуі, соның салдарынан үй жануарларымен қоректену және суару үшін бәсекелестікке және киіктердің ауыл шаруашылығы дақылдарына енуіне байланысты киіктердің шамадан тыс көбеюін реттеу қажет болды.
Еске сала кетсек, 1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты, Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі