7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беру» мемлекеттік қызметіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бұл дипломды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жеке бөлімшесіне өтініш жіберу қажет болатын. Ал үміткерлердің білімін бағалау біліктілік комиссиясының алдында дәстүрлі форматтағы емтихан арқылы жүргізіліп, қызмет көрсету уақыты 22 жұмыс күніне жалғасатын. Енді аталған мемлекеттік қызмет автоматтандырылып, оны алу рәсімі оңтайландырылды.
Оқи отырыңыз:
Ведомство мәліметінше, енді емтиханды онлайн тапсыруға болады. Одан қалды сұрақтар саны да қысқарады.
Кеме экипаждарына арналған емтихан енді тестілеу түрінде өткізіліп, оған өтініш eGov порталы арқылы жолданады. Тестілеуді тапсыру кезіндегі сұрақтар 20-дан аспайды. Сонымен қатар тестілеудің уақыты қысқартылып, 40 минуттан тұратын болды, - делінген мәліметте.
Емтихан мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) ғимаратында өткізіледі. Тестілеуден сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы 80%-ға дұрыс болуы тиіс. Сонымен қатар дипломды табыстау мерзімі де қысқарған.
Кәсіби диплом 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей табысталады. Ал оның көшірме нұсқасын беру уақыты - 2 жұмыс күні, - делінген мәліметте.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?