22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгінгі таңда сүт өнімдерін өндіру проблемаға айналып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9%-ға өсіп, 2,9 триллион теңгені құраған. Соның ішінде өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіру бойынша өсім бар.
Сондай-ақ ведомство басшысы өндірісі төмендеген өнімдерге де тоқталды. Олар негізінен сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері екені айтылды.
Бұл ретте ірімшіктер мен сүзбе бойынша 56%-дан 53%-ға дейін төмендеу байқалады. Осылайша, сүт өнімдері бойынша тағы да төмендеу байқалады. Қазіргі уақытта сүт өнімдерін өндіру проблемалы болып табылады. Бұл шикізат базасының дамымауымен байланысты.Сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат базасын кеңейту үшін өңірлік ӘКК арқылы ірі тауарлық-сүт фермаларының құрылысын жеңілдікпен қаржыландыруда Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін кеңейту жөніндегі жоба іске асырылуда, – деді министр.
Министр Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтамасыз етілетініне және сүт бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендейтініне сендіріп отыр. Осыған орай 2023 жылға өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 миллиард теңге бөлінбек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев