13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылғы 25 мамырдан бастап елімізде мобильді құрылғыларды IMEI-код арқылы тексерудің жаңартылған тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл талап тек жаңа смартфондарға қатысты — яғни, осы күннен кейін елге әкелінетін немесе алғаш рет ұялы байланыс желісіне қосылатын құрылғыларға қолданылады. Азаматтар бұған дейін қолданыста болған телефондарын еш кедергісіз әрі уайымсыз пайдалана береді — оларға ешқандай шектеу қойылмайды. Жаңартылған тәртіп негізінен смартфон жеткізушілер мен ресми сервистік орталықтарға бағытталған. Олар сатылатын құрылғыларды арнайы портал арқылы алдын ала сәйкестендіруі қажет.
Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — заңсыз тауар айналымын азайтып, тұтынушылардың құқығын қорғау.
Жаңа ереже бұрыннан қолданыстағы смартфондарға әсер етпейді. Біздің мақсатымыз — адал тұтынушыларға кедергі келтірмей, көлеңкелі нарықты реттеу, — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков.
Министрлік жаңа смартфон сатып алмас бұрын IMEI-кодты kz-imei.kz порталынан тексеріп алуға кеңес береді. Бұл — заңсыз әкелінген немесе «сұр» нарықтағы құрылғыларды сатып алу қаупін азайтуға көмектеседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды