23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен ҚазСтандарт әзірлеген «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына өзгерту енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ережеге сәйкес, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі жапсыру қажет.
Автокөліктерге газ қондырғысын орнатуда кейде тиісті қауіпсіздік талаптары орындалмай жатады. Мұндай көліктер адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газ орнатылған автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді, - дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Таңбада «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады