28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлдің батыс өңірлерінде ерлер мен әйелдердің жалақы айырмашылығы ең жоғары болып отыр, ал оңтүстікте бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде тең, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Finratings.kz дерегінше, Қазақстанда ерлер мен әйелдердің еңбекақысы арасындағы алшақтық әлі де бар. Орта есеппен алғанда, басшылық және мемлекеттік қызметтегі ер адамдар әйелдерге қарағанда 35,4 пайызға көп жалақы алады.
«Черный лебедь, рак и щука» Telegram-арнасының мәліметінше, айырмашылық өңірге байланысты өзгереді. Ең үлкен теңсіздік – батыс облыстарда. Мысалы, Атырау облысында ерлердің табысы әйелдерден – 83,4%, ал Маңғыстауда 81% жоғары.
Келесі орында Ақмола (54,4%), Ақтөбе (53%) және Шығыс Қазақстан (52,7%) облыстары тұр.
Гендерлік теңдікке ең жақын аймақ – Жетісу облысы, мұнда айырмашылық бар болғаны 6,4%. Сондай-ақ Түркістан (11,2%), Шымкент (13,7%), Жамбыл (20,1%) және Астана (25,1%) қалаларында да айырмашылық аз.
Сарапшылар бұл теңсіздікті өңірлердің экономикалық құрылымымен байланыстырады: батыста жоғары жалақылы, ер адамдар басым салалар – мұнай-газ және өнеркәсіп салалары дамыған. Ал оңтүстікте жұмысшылардың басым бөлігі әйелдер, әсіресе білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада еңбек ететіндер көп.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?