Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда енді құран ұстап, таспих тартқандардың барлығы уағыз айта алмайды. Діни басқарма дүмше молдаларды анықтап, бұл құзіретті тек сүзгіден өткеніне ғана береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті. Мұндағы басты мақсат — елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу, - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ал әлеуметтік желіде "домбыра — харам", "салт-дәстүрден алшақ жүрейік" деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.
Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат, – деп түсіндірді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды