Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда қуаттылығы жоғары ірі қант зауытының құрылысы басталады. Вице-премьер - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Ғурейр Джамаль екіжақты кездесу өткізіп, жоба аясындағы дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зауыт Қонаев қаласы аумағында, «Алатау» арнайы экономикалық аймағының шегінде салынады. Бұл мақсатқа 1000 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылымға - газ және электр желілерін тартуға ерекше көңіл бөлінуде.
Шикізат базасын нығайту да басты назарда. Алғашқы кезеңде 65 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егілмек, болашақта егіс көлемі ұлғайтылады. Жерді бекіту және суару жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ су инфрақұрылымын дамытуға халықаралық қаржыландыру тетіктерін тарту жоспарланған.
Өңір шаруалары да бастамаға белсенді қолдау білдіріп, 100 мың гектар жерге қызылша егуге дайын екендерін мәлімдеді.
Жоба толық жүзеге асқанда 450 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?