28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарKrisha.kz еліміздегі пәтерлердің құнын зерттеді. Қазір баспана қанша тұратынын, қай қалада арзан, ал қай қалада қымбат екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда пәтер қанша тұрады
Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:
1 бөлмелі — 13 млн тг;
2 бөлмелі — 19 млн тг;
3 бөлмелі — 25 млн тг.
Бұл — 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.
Ең арзан пәтер қайда
Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.
1 бөлмелі — 7.5 млн тг;
2 бөлмелі — 12 млн тг;
3 бөлмелі — 16 млн тг.
Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.
Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:
— Тараз;
— Талдықорған;
— Жезқазған.
Бұл жақтарда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9.5-10.5 млн аралығында, екі бөлмелісі 14 млн тұрса, үш бөлмелі баспананың бағасы 21–23 млн теңгеге жетеді.
Қазақстандағы ең қымбат пәтер
Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы — Алматы.
Биыл қарашадағы бағалар:
1 бөлмелі — 24 млн тг;
2 бөлмелі — 36 млн тг;
3 бөлмелі — 44 млн тг.
Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:
1 бөлмелі — 18 млн тг;
2 бөлмелі — 26.8 млн тг;
3 бөлмелі — 39.5 млн тг.
Үштікті Шымкент түйіндейді:
1 бөлмелі — 15.5 млн тг;
2 бөлмелі — 22.5 млн тг;
3 бөлмелі — 28.5 млн тг.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?