12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап оқушыларға диктант және шығарма жаздыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы үкімет сағатында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бүгінде кейбір оқушылар өз ойын жазбаша жеткізуде қиналады. Осы мәселені шешу үшін балалардың жазу дағдысын дамытуға ерекше көңіл бөлінбек.
Біз қазіргі мәселенің неде екенін түсінеміз. Әр бала белгілі бір сыныпта оқуға тиіс кітаптардың нақты санын меңгеруі керек. Кейде балалар өз ойын жеткізе алмай қиналады. Сондықтан оларды шығарма жазуға да жақсылап үйрету қажет, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрлік бұл бастама арқылы оқушылардың сауатты жазу, ойын жүйелі жеткізу және оқығанын түсініп, тұжырым жасау дағдыларын дамытуға назар аудармақ. Сонымен қатар елімізде бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) кезең-кезеңімен алып тастау жоспарланып отыр.
Бұған дейін бастауыш сыныптардан кейін 5–9 сынып оқушылары үшін де БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау көзделіп отырғаны хабарланған. Кейін бұл өзгеріс 10-11 сыныптарға да енгізілуі мүмкін.
Оқу-ағарту министрлігі бағалау жүйесіндегі өзгерістерді келесі оқу жылынан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Әзірге аталған бастамалар жоспарлау кезеңінде. Олардың нақты қалай жүзеге асырылатыны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер