7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Еліміз бойынша екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 222 ардагері бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен бірге, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан аса тыл еңбеккерлері тұрады.
Сұрапыл соғыс жылдарында майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан аса адам аттанған. Қолына қару алған қазақстандықтардың жартысы соғыстан оралмады. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталған. Оның ішінде 497 адам Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, 110 қазақстандық майдангер үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Соғысқа шақыртылғандар - 1,2 миллион
Қаза тапқандар - 600 мың
Орден, медаль алғандар - 100 мың
Кеңес одағының батыры атанғандар - 497
Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар - 4
ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110
Еске салайық, бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапқаны белгілі болғаны хабарланған еді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағы берілді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?