Қазақстанда екі жылда 4 мыңға жуық кәсіп қайтадан жаңартылды

14 Шілде 2023, 16:05 946

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Жұманбаев «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның ең басты мақсаты ұлттық біліктілік жүйесін Қазақстанға енгізу екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біріншіден, аталған заң жобасы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Екіншіден, кадрларды даярлау еліміздегі нарықтың сұранысы бойынша әзірленеді. Ең басты негізгі мақсат – еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес білікті мамандарды даярлау. Аталған заң жобасы аясында Қазақстанда ұлттық біліктілікті дамытудың элементтерін енгізу қарастырылып отыр. Бұл жүйе біртіндеп 2025 жылға дейін іске асырылатын болады, - деді Ерасыл Темірбекұлы.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ Ерасыл Жұманбаев 2022 жылдан бастап Қазақстандағы 1500 кәсіпке жұмыс берушілердің талаптары бойынша біліктілік жүйесін дамытып, стандарттарын әзірлегенін айтты. Бұл жұмыс барлық мемлекеттік органмен бірлесе атқарылды. Әрбір мемлекеттік органда жаңа топтар құрылды.

Ал биылғы жылға келер болсақ, 478 кәсіптік стандартты әзірлеу қарастырылған. Ол еңбек нарығындағы 3000 кәсіпті қамтиды. Жалпы біз Қазақстан бойынша 2 жылда 4000-ға жуық кәсіпті қайтадан жаңартудан өткіздік, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: