Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Платформаның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін сенімді бақылау және тиімді басқару.
Сонымен қатар «E-Joldar» автожол пайдаланушылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды. Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды