12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікДзюдодан жастар және жасөспірімдер құрамалары енді негізгі ұлттық құрамамен бір алаңда жаттығатын болады. Дзюдо бойынша федерация мен жаттықтырушылар штабы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа Ұлттық құрама мүшелерін алдағы халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиадға дайындау жоспарын және жаңа әдістеме жобасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz.
Алдағы уақытта жас дзюдошылар негізгі құрамамен және әлемнің үздік дзюдошыларымен бірлесіп оқу-жаттығу жиындарына да қатысатын болады. Сонымен қатар, оларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға іріктеу критерийлері де қайта қаралады. Бұл болашақ олимпиадашыларды даярлау процесін күшейтуге мүмкіндік береді.
«Үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, көптеген процестер қайта қаралып, өзгереді. Мұның бәрі нақты алдағы Олимпиада ойындарында оң нәтиже беруі керек. Сондықтан бұл мәселеде біз бәріміз жауаптымыз», - деді Дәурен Абаев.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер