29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлімізде жыл сайын 14 маусым «Дүниежүзілік донор күні» ретінде аталып өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – өз еркімен қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін құтқаруға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіретін ерекше мереке.
Қан – өмірлік маңызы бар, ешқандай жасанды баламасы жоқ құнды ресурс. Сол себепті де донор болу – бұл жай ғана қайырымдылық емес, бұл – шынайы ерлік пен адам өмірін сақтауға бағытталған нақты қадам.
Осы атаулы дата аясында Шымкент қалалық қан орталығында арнайы акция бастау алды. «Қан тапсырып, үміт сыйлаңыз! Адам өмірін бірге сақтаймыз!» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға бірқатар белсенді азаматтар алғашқылардың бірі болып қатысып, қан тапсырды.
Айта кетейік, игі іс-шара барысында тұрақты донорларға ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қан орталығының мамандары оларға донор болудың маңыздылығын түсіндіріп, әр адамның бұл іске өз үлесін қоса алатынын атап өтті.
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, азаматтар бір реттік қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін құтқаруға септігін тигізе алады. Сондықтан да бұл әр азамат үшін маңызды зор қадам болып табылады. Қан тапсыру акциясы жалғасын табады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек