2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПремьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беріп, медицина қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы төрт жыл ішінде еліміздегі бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен арттырылып, екі есеге ұлғайды. Жыл сайын 84 мың дәрігердің жалақысы 30%-ға, 189 мың орта медицина қызметкерінің және санитарлар мен техникалық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсіп келеді.
Дәрігердің орташа жалақысы – 401,5 мың теңге, оның ішінде ауылдық жерде – 445,5 мың теңге, қалалық жерде – 357,5 мың теңге. Ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы – 222,5 мың теңге (ауылда – 245,9 мың, қалада – 199,2 мың теңге).
Әлеуметтік қолдау шаралары кеңейді
Бүгінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілген:
Ауылдық жерге кемінде 5 жыл мерзімге келген медицина қызметкерлеріне – 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем (2024 жылы – 369 200 тг.);
Жергілікті органдар тарапынан медицина қызметкерлерінің балаларына мектепке дейінгі ұйымдардан басымдықпен орын беру;
Қызмет бабында жарақат алып қаза тапқан немесе мүгедек болған медицина қызметкерлерінің балаларына білім беру гранты арқылы конкурссыз оқуға қабылдау;
Көлік шығындарын өтеу;
Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру моделі енгізілді.
Медицина кадрларымен қамтамасыз ету, соның ішінде балалар дәрігері тапшылығын жою мақсатында мемлекеттік гранттардан бөлек, жергілікті бюджет есебінен де мамандар саны артты. 2024 жылы бұл көрсеткіш екі есе өсіп, шамамен 1 300 медицина қызметкері оқуға қабылданды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова