Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда жасанды интеллект дәрі-дәрмекке қажеттілікті болжау және жалған рецепттерді анықтау үшін пайдаланылатын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, ЖИ технологиялары жеткізілімдерді жоспарлау тиімділігін арттыруға және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі үзілістердің алдын алуға көмектеседі.
Министрлік жасанды интеллектті қажеттілік пен жеткізілімдерді болжауда қолдануды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жасанды интеллект технологиясы жалған рецепттерді анықтау үшін пайдаланылмақ - деді Мұратов үкімет отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесіне ЖИ-консультант енгізу де жоспарланып отыр.
Ол нарық қатысушыларына таңбалау, айналым ережелері және заңнама талаптары бойынша автоматты түрде кеңес береді - деді вице-министр.
Министрліктің жоспарларына сәйкес, цифрлық шешімдерді енгізу дәрілік заттардың айналымының ашықтығын арттырып, фармацевтика нарығы қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуі тиіс.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар